Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті

Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті

2025 жылдың 20 маусым күні Катонқарағай аудандық мәслихатының кезекті XXVIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің  м.а.Р.М.Карабалинов, аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Шапенов, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы Интернет желісінде онлайн режимінде көрсетілді. Сессияда аудан әкімінің м.а. Р.М.Карабалинов әкім құзіреті шегінде оған жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындауы туралы баяндама жасады, аудан әкімінің орынбасары  Ә.А.Шәпенов Катонқарағай ауданында балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы, Өрел, Жамбыл ауылдық округтері әкімдерінің өз құзіреті шегінде оларға жүктелген фунуциялары мен міндеттерін орындауы туралы ақпараттар тыңдалды. Сессияда  Катонқарағай ауданының "Құрметті азаматы" атағын беру мәселелері, Катонқарағай ауданындағы жер учаскелерін аймақтарға бөлу, сондай-ақ 2025 жылға арналған аудандағы кандаминимум обьектілерді басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең төменгі мөлшері туралы мәселелер қаралды.   Қаралған мәселелер бойынша  мәслихат депутаттары Ж.Б.Тыныбеков., А.Қ.Байғонысов., Д.Т.Қалибеков жарыссөзге шықты. Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.