Теміртау қаласында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша семинар өтті

Теміртау қаласында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша семинар өтті

2025 жылғы 12 қараша күні Jastar ortalygy ғимаратында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған семинар өтті.

Іс-шараға даму институттарының өкілдері - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қарағанды облысының Инвесторларды қолдау орталығы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Қарағанды облысының Туризмді дамыту басқармасы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, даму институттары мен банктердің өкілдері жеке кеңес өткізді.

Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға және Теміртау қаласында бизнестің әрі қарай дамуына ықпал етеді.