Теміртау қаласының әкімдігінде туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтті

Теміртау қаласының әкімдігінде туристік бизнес өкілдерімен кездесу өтті

7 қазанда Теміртау қаласының әкімдігінде туризм саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өтті. Аталған кездесуде туристік саланы дамыту және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Іс-шараға қаланың келесі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты:
- «Қарағанды облысы бойынша туризм басқармасы» ММ;
- Теміртау қаласының әкімдігі;
- «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
- «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ;
- Теміртау қалалық ТЖ басқармасы;
- Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы;
- Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы;
- Теміртау қаласының полиция басқармасы;
- «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
- «Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
- Теміртау қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалы;

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Теміртау қаласының демалыс аймақтарының, жағажайлардың, қонақ үйлердің және жол бойындағы сервис объектілерінің өкілдері қатысты.
Мұндай кездесулер бизнес пен мемлекет арасында ашық және сындарлы диалог құруға көмектеседі, іс жүргізу үшін қолайлы және түсінікті жағдайлар жасайды. Бұл кәсіпкерлік ортаны, демек, бүкіл қаланы дамыту жолындағы маңызды қадам.