«БЮДЖЕТ, ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

«БЮДЖЕТ, ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Наурыз айының 27 күні «Бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысын «Бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Зейнуллин жүргізді.

Отырыстың күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.

Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіндегі мәселені комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдап, аудандық мәслихаттың кезекті 24 сессиясына бекітуге ұсынылды.