2025 жылғы 27 наурыз күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХІV сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай «Аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Кариевтің баяндамасы тындалды. «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Сонымен қатар, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамына және терроризмге қарсы комиссиясы құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.