Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХХIII сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 8 күні сағат 10-00-ға аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
42-1. «Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Оразақаев Дәулет Жұмабайұлы – Саралжын ауылдық округі әкімі.
42-2. «Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Мусағалиев Әділет Қайратұлы – Қоскөл ауылдық округі әкімі.
42-3. «Қаратөбе орталық аудандық ауруханасы 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары туралы»
Хабарламашы: Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - Қаратөбе орталық аудандық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
42-4. «Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары» туралы.
Хабарламашы: Бекқарнаева Рита Хайдарқызы – Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертханасының директорының міндетін уақытша атқарушы.
42-5. «Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің 2025 жылғы және ағымдағы жылдың есепті кезеңіне атқарған жұмыстары »туралы.
Хабарламашы: Каримов Асылбек Мұратұлы – Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің басшысы.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов