«БЮДЖЕТ, ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

«БЮДЖЕТ, ҚАРЖЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

15 мамыр күні «Бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия отырысын «Бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Зейнуллин жүргізді.

Отырыстың күн тәртібіне сай Қаратөбе ауданының және ауылдық округтерінің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептері және Батыс Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есебінің қорытындысы тындалды.

Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіндегі мәселені комиссия мүшелері бірауыздан мақұлдап, аудандық мәслихаттың кезекті 40 сессиясына бекітуге ұсынылды.