КЕЗЕКТІ ХХХVІІІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ХХХVІІІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 7 сәуір күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХVІІІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай «Аудандық білім беру бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиевтің, «Қаратөбе аудандық мансап орталығының 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы» аудандық мансап орталығының директоры М.Қажгереевтің және «Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бозовтың баяндамалары тындалды. «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» №35-4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағанбетов таныстырды. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің құрамына келісім берілді. Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына, терроризмге қарсы комиссиясы құрамына, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамына, Қаратөбе ауданының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясы құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.