Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

3 сәуірде Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашев жүргізді. 

Күн тәртібінде «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы №8-2 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасымен Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бердіғалиев, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №35-4 "Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасымен Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.