Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабына және 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан босап қалған мүшелері үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.
№ 1 Аққозы округтік сайлау комиссиясы 2 орын
№ 2 Егіндікөл округтік сайлау комиссиясы 2 орын
№ 267 Қоржын учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 271 Егіндікөл учаскелік сайлау комиссиясы 2 орын
№ 272 Жусандой учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 274 Ақтай-сай учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 275 Алакөл учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 277 Қаратөбе учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 279 Қоскөл учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын
№ 280 Шалғын учаскелік сайлау комиссиясы 2 орын
Саяси партиялардан ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап 22 сәуірге дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Үміткерлер туралы ұсыныстарды Қаратөбе аудандық мәслихатына мына мекенжайға: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі № 14 үй, 2 қабатта, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны 31-1-70.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.