18 ақпанда Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашев жүргізді. Кеңес отырысына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша арнайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Байсалов Мұрат Сейілбекұлы және аудан әкімі Сүйеуғалиев Қадіржан Орынбасарұлы қатысты.
Күн тәртібінде «Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстары туралы» аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Жәледденовтің, «Аққозы ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» Аққозы ауылдық округі әкімі А.Тойшыбаевтың баяндамалары тындалды. Сонымен қатар, «Қаратөбе ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешім жобасымен Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.