Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХVІІІ сессиясы 2026 жылдың сәуір айының 7 күні сағат 11-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Аудандық білім беру бөлімінің 2025 жылы атқарылған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Б.Гарапшиев - аудандық білім беру бөлімінің басшысы.
- Қаратөбе аудандық мансап оралығының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: М.Қажгереев - Қаратөбе ауданық мансап оралығының директоры.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов