5 наурызда Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Қыдырашев жүргізді.
Күн тәртібінде «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 35-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Және де Қаратөбе аудандық ауруханасының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары туралы аудандық аурухана басшысы Ж.Нұрахунов баяндады.