КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 5 наурыз күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХVІІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай «2026 жылы Қаратөбе ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы» және «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Қаратөбе ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» № 35-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобаларымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды.