Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХVІІ сессиясы 2026 жылдың наурыз айының 5 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- 2026 жылы Қаратөбе ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Хабарламашы: Б.Нұрмағамбетов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Мәслихат төрағасының м.у.а А.Зейнуллин