КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVІ СЕССИЯ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 28 қаңтар күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХVІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №35-3 «Қаратөбе ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Сонымен қатар, Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамына, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы құрамына және терроризмге қарсы комиссиясы құрамына өзгерістер енгізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.