КЕЗЕКТІ ХХХV СЕССИЯ ОЗДЫРЫЛДЫ

КЕЗЕКТІ ХХХV СЕССИЯ ОЗДЫРЫЛДЫ

2025 жылдың желтоқсан айының 25 күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХV сессиясы оздырылды. Сессияның күн тәртібіне сай «Жусандой ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы» Жусандой ауылдық округі әкімі Б.Бақытжановтың баяндамасы тындалды. «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағамбетов таныстырды. Қаратөбе ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтерінің бюджеттері қаралып бекітілді. Және де «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен мәслихат аппаратының шығыстарын бекіту туралы», «Округтік және учаскелік сайлау комиссиялары туралы» мәселелері қаралып, бірауыздан бекітілді.