Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:
Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезекті ХХХV сессиясы 2025 жылдың желтоқсан айының 25 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
- Жусандой ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Б.Бақытжанов – Жусандой ауылдық округі әкімі.
- Аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарылған жұмыстары туралы.
Хабарламашы: Н.Бозов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы Н.Мендешов