Бүгін аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сай Қаратөбе ауданының жер қатынастары бөлімінің, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы есептері тындалды. Және Қаратөбе аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы бөлім басшысының есебі тындалды. Сонымен қатар, Қаратөбе-Ақтайсай автомобиль жолының 6-7 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қаратөбе ауылының 1-2 шақырым сол жағындағы жерден және Шалғын ауылының кірме жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қоскөл ауылының манайынан жарамды қажетті топырақ алуға келісім берілді.