30 қазан күні Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 18-6 «2024-2028 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасымен аудандық мәслихат аппартының басшысы Б.Муса таныстырды. "Қаратөбе ауданының мансап орталығы бөлімінің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы" Қаратөбе ауданының мансап орталығы бөлімінің басшысы М.Қажгереевтің есебі тындалды.