2025 жылғы 31 қазан күні Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өткізілді. Сессияның күн тәртібіне сай Қаратөбе ауданының Қаратөбе, Сулыкөл, Аққозы, Саралжын, Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді. «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 18-6 «2024-2028 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасымен аудандық мәслихат аппартының басшысы Б.Муса таныстырды. Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы құрамының жаңа құрамы бекітілді. Сонымен қатар, аудандық мәслихатының босап қалған депутатының орнына сайланған Шүрмен Бауыржан Серікұлының депутаттық өкілеттігін тану туралы шешім шығарылды. Күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы талқыланып, бірауыздан бекітілді.