Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратына тәжірибе алмасу мақсатында Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы Займолдин Сәкен Ғазизұлы, аудандық мәслихат депутаты Сайран Саматұлы және аудандық мәслихат аппаратының бөлім басшысы Мусин Алмат Жалғасұлы келді.
Қонақтар алдымен Қаратөбе аудандық мәслихат аппаратының жұмысымен танысып, тәжірибе бөлісті. Содан кейін Қаратөбе аудандық мәслихат төрағасы Мендешов Нұрлан Құмарұлы, аудандық мәслихат депутаттары Измагамбетов Берік және Зейнуллин Абат Кәрімұлының бастауымен Қаратөбе ауданының тыныс-тіршілігімен танысып ауданның мәдени-тарихи жерлерін аралады.
Сапар барысында екі аудан мәслихаттары арасында өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жұмыс тәжірибесін жетілдіру бағытында пікір алмасулар болды.