Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІ сессиясы өткізілді. Аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сай Қаратөбе ауылдық округі әкімінің, Аққозы ауылдық округі әкімінің, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің, Қаратөбе аудандық ветеринариялық станциясының және Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 2024 жылы және ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін атқарған жұмыстары туралы тындалды.
Сонымен қатар, "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" және "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 07 маусымдағы № 15-4 «Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешім жобалары талқыланып, бірауыздан бекітілді.
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамына енгізілген өзгерістер бекітілді.