Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIІІ сессиясы өткізілді

Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIІІ сессиясы өткізілді

11 шілдеде аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІІ сессиясы өткізілді. Күн тәртібіне сай "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-4 "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешім жобасымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Нұрмағанбетов таныстырды. Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдік құрамына енгізілген өзгерістер келісілді және аудан әкімдігі жанындағы комиссия құрамдары бекітілді. Қарақамыс және Ақтайсай ауылдарының бас жоспарлары бекітілді.