Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

10 шілдеде аудандық Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сай Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, аудандық сәулет, қала құрылысы  және құрылыс бөлімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы және 2024 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есептері тындалды. Сонымен қатар, "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 22-4 "2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешім жобасына өзгерістер енгізу туралы" шешім жобасы мақұлданды.