Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIІІ сессиясын шақыру туралы

Қаратөбе аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIІІ сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес шешім ҚАБЫЛДАДЫМ:

Қаратөбе аудандық мәслихатының VIІІ шақырылымдағы кезектен тыс ХХVІІІ сессиясы 2025 жылдың шілде айының 11 күні сағат 10-00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.

 

Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

 

  • Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №22-4 «Қаратөбе ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Б.Нұрмағамбетов – аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы.

 

  • Басқа да мәселелер.

 

Мәслихат төрағасы                                             Н.Мендешов