Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 17-бабына және 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамынан босап қалған мүшелері үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.
№ 272 Жусандой учаскелік сайлау комиссиясы 2 орын,
№ 273 Ханкөл учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын,
№ 281 Қарақамыс учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын,
№ 282 Сәуле учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын,
№ 283 Сулыкөл учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын,
№ 285 Төлен учаскелік сайлау комиссиясы 1 орын,
Саяси партиялардан ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 9 шілдеден бастап 24 шілдеге дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.
Үміткерлер туралы ұсыныстарды Қаратөбе аудандық мәслихатына мына мекенжайға: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі № 14 үй, 2 қабатта, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылдайды. Байланыс телефоны 31-1-70.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.