Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы Жаңатұрмыс ауылындағы магистральдық құбырларының жібіту жұмыстарын атқарып жатқан жұмыс бригадасына жеке өзі барып қайтты.

Анықтама үшін: 12-15 қаңтар аралығында қатты аяз кезеңі салдарынан құбырлардың мұздануы орын алды, бұл Жаңатұрмыс ауылының (1360 абонент) және Қырғауылды ауылының (780 абонент) сумен жабдықтау желісіндегі Q 219 мм магистральдық құбырдағы судың қатуына әкелді. Жұмыс орынында тәулік бойы екі апаттық бригада жұмыс атқаруда. Сумен жабдықтау желісінің Q 219 мм магистральдық құбырындағы мұздатылған учаскелерді инспекциялау және жібіту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, q219mm желілерін диаметрі 159 мм қосалқы магистральдық су құбырына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауылға екінші желі бойынша су беру шамамен 24 сағаттан кейін жоспарланып отыр, сондай-ақ қалалық желіден (2023 жылғы 16 қаңтардан бастап шамамен)суды ішінара (қажетті су көлемінің 25-30%) беру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.