Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап, дәстүрді дәріптеген, отбасылық құндылықтарды биік қойған барша жанның ортақ қуанышы!

Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап, дәстүрді дәріптеген, отбасылық құндылықтарды биік қойған барша жанның ортақ қуанышы!

Қарасай ауданының атын абыроймен шығарып жүрген Қаскелең қаласының тұрғындары — Бекдайырлар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық іріктеу кезеңінде І орынға ие болып, 1 миллион теңге көлеміндегі жүлдені жеңіп алды!
Қыркүйек айында олар республикалық кезеңде Алматы облысының намысын қорғайды. Бұл — үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
Қолөнердің қыр-сырын бірнеше буыннан бері жалғастырып келе жатқан бұл отбасы — өнердің, еңбектің, берекенің және бірліктің жарқын үлгісі. Әулет басшысы Қоңыр Бекдайыр – күміс әшекей жасау ісінің шебері, қазақ зергерлік өнерінің нағыз жанашыры. Ал жұбайы Анаргүл ұлттық киім тігудің майталманы ретінде танымал. Қазақы оюмен көмкерілген шапандар, камзолдар мен тұрмыстық бұйымдарды әсемдеп тігетін шебердің қолынан шыққан әр туынды – нағыз ұлттық мұра.
Олардың балалары да ата дәстүрін жалғастырып, шығармашылықты өмірлік жол етіп таңдаған. Әулет мүшелерінің әрқайсысы – мәдениетке, салт-дәстүрге, ұлттық құндылықтарға адалдықтың үлгісі.
Бұл жеңіс – ұлттық мұраға құрметпен қарап, дәстүрді дәріптеген, отбасылық құндылықтарды биік қойған барша жанның ортақ қуанышы!
Қарасайлық жерлестеріміз – Бекдайырлар әулетін шын жүректен құттықтаймыз!
Жанұяға алдағы республикалық байқауда сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!
Елге үлгі, ұрпаққа өнеге бола беріңіздер!