
Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, өткен жылы аталған бағдарлама аясында 10 көшеде (Кебеже, Абай, Көкдала, Намыс, Рысқұлов, Сайран, Тұяқбаев, Мәметова, 11 орам, 30 орам) көшелер жарықтандырылды.
«Биыл бағдарлама жалғасады. 2 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ағымдағы жылы Жанғозин көшесі № 15 және Арман көшесі № 12Б мекен-жайлары бойынша аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. «Халықтық қатысу бюджеті» - бұл абаттандыру мен жайлы қалалық орта құруға бағытталған бірегей жоба. Қазіргі уақытта тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда.