Алматы қаласында Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, салалық қауымдастықтар мен отандық автотасымалдаушылардың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Кездесуде халықаралық жүк автотасымалы саласын одан әрі дамыту және рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Саладағы қазіргі ахуал мен негізгі өзгерістер
Комитет төрағасы жиынға қатысушыларға биылғы жылдың алғашқы жеті айындағы жұмыс нәтижесі туралы баяндап, тасымалдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Шетелдік рұқсат бланкілерін (ШРБ) беру ережелеріндегі соңғы өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда:
Аталған өзгерістер халықаралық жүк автотасымалдау нарығын алыпсатарлардан тазартуға және салада ашықтықты арттыруға бағытталған. Жаңа нормалар биылғы жылдың күзіне қарай заңды күшіне енеді деп көзделіп отыр.
Тасымалдаушыларға барлық заңбұзушылықтар «Беркут» ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде тіркелетіні еске салынды. Заңбұзушылық анықталған жағдайда, тасымалдаушы рұқсат алу жүйесінде бұғатталады.
Комитет пен тасымалдаушылар арасындағы кездесулер саланың өзекті мәселелерін ашық талқылау үшін тұрақты негізде өткізіліп отырады.