«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 23 ақпан күні сағат 14:00-де Қарасай ауданының Әйтей ауылдық округіне қарасты Әйтей ауылында орналасқан Б. Қосынов атындағы орта мектепте жиын өтеді.
Күн тәртібінде: Әйтей ауылында орналасқан құрамдас бөліктерге атау беру мәселесі қаралады.