Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Құрметті балқаштықтар!
Балқаш қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 10/01 қаулысына сәйкес Балқаш қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен Балқаш қаласының Ленин және Абай көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар жарияланатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты Сіздерді 2021 жылдың 17 наурызында сағат 12-00-де өтетін көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз:
- Үлкен акт залы;
- «Ақ отау» залы;
- «Патриотика» залы;
- «Рухани жаңғыру» жастар коворкинг орталығы;
- «Алем Синема» кинотеатры;
Көпшілік тыңдаулар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізіледі.