Қарағанды облысында 1–15 маусым аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылданады. Бұл мәртебе дамуға және мемлекеттен қолдау алуға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына (Әлиханов к-сі, 13, каб. 306) не ЖК немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдеріне жіберіледі.
Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша алуға болады: (8-7212) 50-38-76.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бола алатындар:
- халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер;
- бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді ұсынуға ықпал ететін кәсіпкерлер;
- мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар шығаратын не түрлі әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсететін және басқа да қоғамдық пайдалы бағыттар бойынша кәсіпкерлер;
- отбасыны, баланы және ананы қолдау, білім беру бағдарламаларын іске асыру, даму ерекшеліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілерді оқыту, қоршаған ортаны қорғау және басқа да қызмет түрлері саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер.