Қарағанды облысының оқушылары жазда қайда демалады

Қарағанды облысының оқушылары жазда қайда демалады

Қарағанды облысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға белсенді дайындалуда. Өңірде тоғыз қала сыртындағы балалар лагері бар. Ақтоғай ауданында өткен жылдың тәжірибесі бойынша киіз үй лагері ашылады. Демалыс кезінде 600-ге жуық мектеп жанындағы лагерьлер мен алаңдар жұмыс істейтін болады. Бейіндік алаңдар колледждер базасында құрылмақ. Жазғы демалыспен 150 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Бұл туралы аппарат отырысында білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова хабарлады.

– Биыл алдын ала мәліметтер бойынша жазғы демалыспен 152 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланып отыр. Сауықтыру 9 қала сыртындағы лагерьде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 288 мектеп жанындағы лагерьлер мен 311 бейінді мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейтін болады. «Жаздық жолдама – 2025» жобасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры 970 ауыл оқушысына Алматы облысының «Таужанашар», «Баксы» сауықтыру орталықтарына жолдамалар сатып алады, – деп баяндады Гүлбақыт Жүнісова.

Оның айтуынша, жергілікті бюджет есебінен Шахтинск, Бұқар жырау, Осакаров және Нұра аудандарында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарының лагерьлеріне демалысқа жіберіледі.

Мектеп жанындағы лагерьлердің ашылуы 2 маусымда басталады. Барлық жерде «Қауіпсіз жаз», «Қауіпсіз аттракцион», «Қауіпсіз лагерь» профилактикалық акциялары өтеді. Ал мұғалімдер үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережелерін оқыту жобасы ұйымдастырылды.

Қала сыртындағы лагерьлер қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және өртке қарсы қызметтің қорытындысын алады.

Мысалы, Бұқар жырау ауданындағы «Салют» сауықтыру орталығы жазда 1440 баланы қабылдауға дайын. 12 күндік төрт ауысым жоспарланған. Мұнда әлеуметтік қорғалатын санаттағы балалар тегін жолдама алады. Орталықта бассейн, спорт және ойын алаңдары, шығармашылық үйірмелер бар.

Полиция департаментінің мәліметінше, барлық қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде қоғамдық тәртіпті тәулік бойы күзету жүзеге асырылады. Сонымен қатар, лагерь басшыларын меншік нысанына қарамастан, күзет фирмаларымен шарт жасасуға, дабыл түймелерін орнатуға және мүмкіндігінше полиция бөлімдеріне тарта отырып, бейнекамералар орнатуға шақырды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші орында екенін атап өтті. Лагерьлер қызметінің мониторингі тұрақты болуы тиіс. Жазғы демалыспен мектеп ішінде есепте тұрған балаларды қамту қажет, деп атап өтті аймақ басшысы.

Қарағанды облысының 404 мектептерінде 175 мыңнан астам бала мен жасөспірім білім алуда. Тоғызыншы сыныпта – 16 мыңнан астам оқушы оқуын жалғастырады немесе колледжге түседі. 11-сынып түлектері – 8267.