Көпшіліктің үйінде ескі кітаптар бар, олар бүгінгі таңда өзекті емес, бірақ бұл баспа өнімдерін тастауға қимаймыз. Есесіне оларды интерьердің түпнұсқалық элементіне айналдырып, екінші өмір сыйлаудың жолы бар. Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы кітаптан декор жасау бойынша шеберлік сабағына шақырады. Шара жексенбі күні, 18 мамырда сағат 15:00-де өтеді.
– Ескі кітаптарды қайта пайдалану – жақсы идея. Интернетте қажетсіз кітапқа екінші өмір сыйлаудың лайфхактары көп. Әр түрлі нұсқалар бар: жасырын қораптар, торшерлер, панно, интерьерлік үстелдер және т. б. Мен де байқап көрдім - қолымнан келді. Біздің кітапханада арт-студия бар, алғаш рет осындай шеберлік сабағын өткізуді шештік. Қарапайым нәрседен бастаймыз: балалармен бірге кітап парақтарынан ваза жасауға тырысамыз, содан кейін оны қағаз гүлдермен толтыруға болады. Бұл қызықты болады деп үміттенемін, – дейді кітапханашы Наталья Райымбекова.
Шеберлік сабағы тегін. Балалар ғана емес, ересектер де келе алады. Өзіңізбен бірге оқылмайтын ескі кітапты ала келу керек.
Абай атындағы балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 («Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасы) мекенжайы бойынша орналасқан. Телефон: (8-7212) 41-23-26.