Қарағанды облысында 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдеріне қатысуға өтінімдер қабылданады. Жеңімпаздар өңірдің үлгілі отбасын анықтайтын облыстық турға қатысады.
Қатысуға отбасы мүшелері еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын жанұялар шақырылады.
Қалалық және аудандық комиссиялар 1 шілдеде байқау жеңімпаздарының портфолиосын қорытындылап, облыстық комиссияға жолдайды.
Содан кейін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде ұлттық байқаудың лауреаты атанатын үздік отбасы анықталады.
Марапаттау қыркүйекте Астанада өтеді. Өңірлердің жеңімпаздарына дипломдар, арнайы белгілер (мүсіндер) және естелік сыйлықтар беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы қалалық және аудандық комиссияларға жүгіну қажет.
Жоба отбасы институтын нығайтуға, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге және қазақстандық отбасының қоғамдық мәртебесін арттыруға бағытталған.