Масалар және шіркейлермен күрес: Саранда жеті гектар аумақ өңделді, жұмыстар жалғасады

Масалар және шіркейлермен күрес: Саранда жеті гектар аумақ өңделді, жұмыстар жалғасады

Саранда дезинсекциялау жұмыстарының бірінші кезеңі өтті. Масалар мен кенелердің дернәсілдерін жою үшін саябақтар мен су қоймаларының аумақтары өңделді.

Бүгінгі таңда бар-жоғы жеті гектар жер дезинсекциямен қамтылған. Жұмыстың екінші кезеңі жақын арада өтеді. Ол тек шыбын-шіркейлермен ғана емес, сондай-ақ масалардың және жәндіктердің басқа да ұшатын түрлерімен күресуге бағытталған.

Жәндіктерді жою үшін құрамында адам мен жануарлар үшін қауіпсіз заттар бар инсектицидтер пайдаланылады. Препараттарды Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат етілген.

Қабылданып жатқан шаралар шыбын санын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бірақ оларды толығымен жою мүмкін емес, өйткені масалар – экожүйенің маңызды бөлігі.