Осакаров ауданының оқушылары робототехника бойынша халықаралық турнирде жеңіске жетті

Осакаров ауданының оқушылары робототехника бойынша халықаралық турнирде жеңіске жетті

Астанадағы Robotek Grand Tournament халықаралық турнирінде Осакаров ауданының оқушылары «робобаскетбол» санатында алтын медальға ие болды. Оған АҚШ, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да елдерден 350-ден астам жас техник қатысты. Олардың барлығы осы қыста өткен іріктеу кезеңінен өтіп, осы жарыстарда өнер көрсету құқығына ие болды.

Қатысушылар жеті санат бойынша бақ сынасты: роботекалар, инверстік желі бойынша жарыс, робот-жеткізуші, мерген, ту жеткізу, робот сұрыптаушы және робобаскетбол.

Осакаров ауданының № 8 орта мектебінің оныншы сынып оқушылары Диас Кенжебаев пен Аслан Сансызбаев байқауға робот-баскетболшыны құрастырды.

– Байқау шарттары бойынша белгілі бір өлшемдерге сай келетін роботтың өзін жинау қажет болды: салмағы, габариттері және т. б. Содан кейін ол допты сақинаға дәл лақтыратындай етіп бағдарламалау керек еді. Менің оқушыларым бұл тапсырманы өте жақсы орындады, сол үшін оларға "робобаскетбол" санатында бірінші орын берілді, – деді Осакаров ауданы № 8 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі және робототехника үйірмесінің жетекшісі Сұлтан Темірбай.

Роботехника үйірмесі мектепте үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде оның жетекшісі Сұлтан Темірбай роботехника бойынша республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше жеңімпазын тәрбиеледі.

– Мен өзім робототехниканы ұнатамын және осы факультативті мектепте жүргізуге өз еркімен келдім. Аслан мен Диастан басқа да дарынды оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Бұл әрқашан да жағымды, әрине, біз осымен тоқтамаймыз, – дейді оқытушы.

Осакаровтық робототехника әуесқойлары алдағы уақытта 28 мамырда Қарағандыда өтетін KazRoboSport-2025 өңірлік кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.