Қарағандыдағы «Арбат» сауда үйінің алдындағы алаңда 16 мамырда бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Жұмыс табуға немесе мамандығын ауыстыруға ұмтылған жастар мен жұмыссыз азаматтарды сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін күтеді.
Жәрмеңкеге түрлі саладағы 40-қа жуық жұмыс беруші қатысып, 800 бос орындар ұсынады. Silk Road Electronics, Asia FerroAlloys, Tau-Ken Temir, Alemgaz сияқты ірі компаниялар, сондай-ақ ҚТЖ магистральдық желісінің Қарағанды бөлімшесі өз бос орындарын ұсынады.
Сұранысқа ие мамандықтардың қатарында дәнекерлеушілер, электриктер, токарьлар, сырлаушылар, слесарьлар, машинистер және басқа да жұмысшы мамандықтар бар.
Жәрмеңкеге Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының әкімдіктері, облыс және аудан прокуратуралары, пробация қызметтері, Жеке сот орындаушылар палатасы, Қарағанды облысының Әділет департаменті, Полиция басқармасы және ҚАЖ қатысады. Қатысушылардың мұндай құрамы жұмыссыздарға бос орындар туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамту және құқықтық қолдау мәселелері бойынша кеңестер алуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкенің ерекшелігі – жұмыс берушілер мен ізденушілер арасындағы тікелей диалог мүмкіндігі. Бұл лайықты жұмыс табуға, сол жерде әңгімелесуден өтуге және жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Байланыс телефондары: (8-7212) 996-404; WhatsApp: 8-775-644-35-80.
Жәрмеңкені өткізу орны: Бұқар жырау даңғылы, 55/7.
Бүгінгі таңда Қарағанды enbek.kz электрондық еңбек биржасында 2 мыңнан астам бос жұмыс орны қолжетімді.