Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған спектакльдердің премьерасы Қ. С. Станиславский атындағы Қарағанды драма театрында және Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрында өтеді. Қойылымдар бейбітшілік, махаббат және достық құндылықтары туралы баяндайды.
К. С. Станиславский атындағы театр Виктор Розовтың «Вечно живые» пьесасы бойынша «Летят журавли» спектаклін қойды. Бұл жастық махаббат және соғыстың адам тағдырын қалай бұзатыны туралы қойылым.
Қоюшы режиссері Денис Цветков.
Ол көрермендерді кез келген жағдайда өзіне адал болып, ар-ұжданы бойынша әрекет ету қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлануға шақырады.
– Бұл 41–45 жылдардағы ауыр кезеңді басынан өткерген, жақындарынан айрылған адамдар туралы мәңгі өлмес шығарма. Бұл - өзін-өзі жаңаша іздеу, соғыстан кейін өз-өзіне келу жайлы. Осындай қайғыны басынан өткергеннен кейін қалай өмір сүруге болады? Олар бұл жеңіске қалай жетті? Бұл Розовтың «Вечно живые» пьесасы желісімен қойған қойылымымыз. Тырналар – аспанға ұшқан адам рухының символы. Тырналар бізге жоғарыдан қарайды, біз де оларды көруге тырысамыз. Бұл өз өмірін жеңіс үшін қиған адамдарды еске алу, – дейді Денис Цветков.
Премьералық көрсетілімдер 9, 10 және 11 мамырда сағат 17:00-де өтеді.
«Жас Отан» Жастар қанаты көрермендерді 10 және 11 мамыр күндері сағат 17:00-де өтетін премьераға шақырады. Қойылым үшін музыкалық-поэтикалық композиция жанры таңдалды.
«Мой милый, лишь бы не было войны» спектаклі – бұл кез келген қалада орын алуы мүмкін соғыс кезеңіндегі бір ауланың тарихы. Қоюшы режиссер – Олег Керимов. Ол актриса Евгения Тесля-Ярцевамен бірге композицияның авторы болды. Қоюшы суретші – Анна Трушкова, ал музыкалық безендіруге жауапты – Надежда Гермес.