Қарағанды облысының аудандық ветеринарлық станциялары 66 жаңа автокөліктің кілтін алды. Автопарктің мұндай ауқымды жаңартылуы алғаш рет орын алды және ветеринарлық қызмет мамандарына өз жұмыстарын тиімді атқаруға мүмкіндік береді.
Машиналар жеті аудандық станция мен Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында таратылды.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мен мамандарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
— Бүгін біз сіздерге жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етуге қуаныштымыз. Бұл сіздерге күнделікті жұмыста қажет техника, сондықтан сіздер шақыруларға тезірек шығып, қажет жерлерде көмек көрсете аласыздар, — деді облыс әкімі.
– Біз үшін бұл көптен күткен оқиға. Аудан аумағы үлкен – 15 округ, сапарлар күн сайын жүргізіледі. Жаңа көлік – әсіресе профилактикалық іс-шаралар кезеңінде жақсы қолдау. Енді біз халыққа жылдам және тиімді қызмет көрсете аламыз, – деп атап өтті Абай аудандық ветеринарлық станциясының басшысы Азамат Саменбаев.
Автопаркті жаңарту облыстың ветеринария саласын дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды.
Аудандық стансаларды қолдау – басымдықтардың бірі.
– Машиналар профилактикалық және шұғыл ветеринарлық іс-шараларда пайдалану үшін ауылдық аудандар мен қалаларға жіберіледі, – деп атап өтті ветеринария басқармасының басшысы Амандық Жәкетаев, – бұл саладағы жұмыстың тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Олар биологиялық материалдардан сынама алу үшін елді мекендерге барып, зертханаға жеткізеді, сондай-ақ, машиналар малды вакциналау кезінде жедел қызметтердің жұмысына көмектеседі.