10 мамырда «Алтын ғасыр» галереясында қарағандылық суретшілердің көрмесі ашылады

10 мамырда «Алтын ғасыр» галереясында қарағандылық суретшілердің көрмесі ашылады

Қарағандыдағы «Алтын ғасыр» галереясында 10 мамырда сағат 16:00-де фотокөрме ашылады. Ол фотоөнерпаздардың жұмысын біріктіреді. Экспозициядағы суреттердің әрқайсысы өз тарихын айтып, көрермендерді өз философиясына баурайды.

Барлығы 20 фотожұмыс ұсынылады. Авторлар арасында қарағандылық фотографтар және мәскеулік фотошебер Оксана Альшевская бар.

– Көрмеге қатысушылардың бірі Оксанамен жеке таныс. Оксана біздің экспозицияны жинап жатқанымызды естігенде, ол өз еңбектерінің бірнешеуін бізге жіберді, – дейді көрменің кураторы Ирина Майер.

Куратордың айтуынша, кәсіпқойлық жұмыстарды іріктеудің негізгі өлшемі болған жоқ. Суретші өзінің шығармашылық жолының басында болса да, көңіл-күй мен жасырын мағынаны жеткізе білу маңыздырақ.

– Біз үшін өз еңбектерімізді көрсету өте маңызды. Адамдар фотосуреттің де өнер екенін ұмыта бастады. Көрермендерімізге осы мәдениетті сіңіру керек, – деп есептейді Ирина Майер.

Көрме 15 мамырға дейін жалғасады.

«Алтын ғасыр» галереясының мекенжайы: Комиссаров көшесі, 35а. Кіру тегін.