Бүгін қарағандылық онколог профессор Валентина Сирота 70 жылдығын атап өтті. 40 жылдан астам уақыттан бері ол адам өмірін сақтап қана қоймай, медицина университетінің онкология және сәулелік диагностика кафедрасында болашақ дәрігерлерге сабақ беріп келеді.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан хирургты мерейтойымен құттықтады.
"Сіз 40 жылдан астам өміріңізді медицина кадрларын даярлауға арнап, талантты онкологтарды, хирургтар мен ғалымдарды тәрбиелеп келдіңіз. Сіздің жетекшілігіңізбен ондаған диссертациялар қорғалды, жүздеген ғылыми еңбектер жарияланды, онкологиялық аурулармен күреске бағытталған маңызды әзірлемелер тәжірибеге енгізілді. Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, игілік және жаңа жетістіктер тілеймін. Шәкірттер мен пациенттердің алғысы алдағы жетістіктерге шабыт берсін!" – деп жазды облыс әкімі құттықтау хатында.
Валентина Брониславовна ғылыми қызметінде 300-ден астам еңбегін жариялаған. Ол республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларда үнемі баяндама жасайды. Оның өнертабыстарға патенттері бар. Оның жетекшілігімен медицина ғылымдарының 11 кандидаты мен философия докторы (PhD) диссертацияларын сәтті қорғады.
Валентина Брониславовна онколог-хирург жоғары біліктілік санатына ие және бұрынғысынша белсенді жұмыс істеа келеді. Ол медуниверситет студенттеріне, ординаторлар мен аспиранттарға сабақ өткізіп, дәріс оқиды.
Медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін Валентина Сирота «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болған.