Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік қолдау алады

Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік қолдау алады

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 54 750 мүгедек адам тұрады, олардың 5242-і – балалар. Жыл сайын өңірде оларды оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру ұлғаюда.

Жеке көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері бойынша мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік бюджет есебінен техникалық құралдардың және оңалту қызметтерінің мынадай түрлерімен: протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, шипажай-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Олар бұл қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталында (aleumet.egov.kz) дербес таңдайды. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды облысы бойынша мүгедектігі бар тұлғалар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 12 715 оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етілді.

Жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдар үшін облыстың барлық өңірлерінде инватакси қызметтері ұсынылады.

14 инватакси қызметі 149 машинамен жұмыс істейді, оның 15-і арнайы көтергіш құрылғылармен жабдықталған.

Облыста инватакси пайдаланушылар санаттарының тізбесі кеңейтілді, соның арқасында аутистік спектрі бұзылған және Даун синдромы бар балалар да осы қызметті пайдалана алады. Бірінші тоқсанда 1984 мүгедек инватакси қызметін пайдаланды.

Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар балаға шипажай-курорттық емделуге кепілдендірілген соманың 70% өтеледі. Осыған ұқсас Қарағанды облысының жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша әлеуметтік көмек 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарды шипажай-курорттық емдеуге алып жүрушілерге көрсетіледі.

Облыстың төрт өңірінде Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы (Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Абай ауданы) жұмыс істейді, онда мүгедектерге психологиялық, заңгерлік, консультациялық көмек көрсетіледі, тілдерді үйрену, компьютерлік және қаржылық сауаттылық бойынша түрлі тренингтер өткізіледі.

Облыста алғаш рет мүгедектерге арналған кресло-арбаларды жөндеу жобасы іске асырылды.

Өткен жылы бюджет қаражаты есебінен 300 арбаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер 12 мемлекеттік ұйымда көрсетіледі. Биыл арнайы әлеуметтік қызметтермен 3793 адам қамтылды.

Балқашта тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Қарқаралы ауданында тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерге арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.

Облыс тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қарағанды облысында еңбекке жарамды жастағы 32 152 мүгедек адам, оның ішінде 10 980 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бері 397 мүгедек жұмысқа орналасты, 46 мүгедек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Есту қабілеті бұзылған адамдар үшін тоғыз арнайы жұмыс орны құрылды.

Мүгедектігі бар адамдар мен оларға күтім жасайтын адамдар үшін «Террикон алқабы» базасында IT саласынан мамандықтарға оқыту жүргізілуде.

Қарағанды облысында 1055 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделді. Олар туралы ақпарат Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша