Мамыр айында Қарағандыда бес қалалық ауыл шаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Мамыр айында Қарағандыда бес қалалық ауыл шаруашылық шағын жәрмеңкелері өтеді

Қарағандылықтарды қалалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің шағын жәрмеңкелеріне шақырады. Олар 3, 10, 17, 24, 31 мамырда өтеді. Сауда сағат 09:00 басталады.

Жәрмеңкелерде жергілікті өндірушілердің тауарлары ұсынылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері, ет, сүт өнімдері, шұжық, жұмыртқа, бал және басқалары – барлығы нарықтық бағадан төмен.

Тұрғындардың қолайлылығы үшін сауда қаланың әр бөлігінде болады:

- Оңтүстік-Шығыста – Global City фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;

- Майқұдықта – «Ұмай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;

- Пришахтинскіде – «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаң, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.