Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында 4 мамыр сағат 17:00-де хор музыкасының концерті өтеді. Қарағанды музыкалық комедия театры әртістерінің жарқын дауыстары мен ерекше аранжировкалары тыңдарманға жаңа музыкалық әсерлер сыйлайды.
Бірінші бөлімде ХХ–ХХІ ғасырлардағы халық әндерін өңдеу, джаз композициялары мен эстрада туындыларын қамтитын заманауи бағдарлама орындалады. Оның ішінде соғыс жылдарындағы «Смуглянка» әні, «Король лев» мультфильмінің музыкасы, сондай-ақ қазіргі британдық композитор Боб Чилкоттың кішкентай джаз месасы бар.
Концертмейстер – Александра Сидорова.
Дирижер – театр хормейстері Денис Федулов.
Екінші бөлімде хор оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді. Қазақ және шетел операларынан хор сахналарын орындайды. Джузеппе Верди, Петр Чайковский, Жорж Бизе, Сергей Рахманинов, Джованни Баттиста Перголези, Габриэль Форе, Руджеро Леонкавалло және т. б. шығармаларынан үзінділер орындалады.
Дирижер – халықаралық конкурстың лауреаты Алексей Гусак.
Концертте хор өнерінің эволюциясын байқауға мүмкіндік туады.