
Биыл православиелер Радоницаны – қайтыс болғандарды еске алу күнін 29-сәуірде атап өтеді. Қарағандыда тұрғындарға зиратқа жету ыңғайлы болуы қамтамасыз етіледі.
Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдары бөлімінен хабарлағандай, зиратқа жолаушыларды жеткізу үшін автопарктердің көмегімен Зеленая балка зиратына және «Триада» (Шахтерский мөлтек ауданының сыртына) жеті автобус қозғалысы ұйымдастырылады. Олар қоғамдық көлік қозғалысымен қамтылмаған және қалалық маршруттар аялдамаларынан алыс орналасқан.
Төрт автобус Майқұдық мәдениет үйі – "Зеленая балка" зираты – "Триада" зираты бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады. Екі автобус "Көгілдір тоғандар шағын ауданы – "Триада" зираты – "Зеленая балка" зираты бағытында жүретін болады.
Сондай-ақ, автобустар «Кеншілер мәдениет үйі – Волгодонская көшесі – Дальний парк зираты» бағыты бойынша Дальний парк зиратын және «Чкалов көшесі – Сейфуллин даңғылы – Степная көшесі – Дубовская көшесі – Михайлов зираты» бағыты бойынша Михайлов зиратын қамтиды.
Ата-аналарды еске алу күні бұл автобустар қалалық тарифтер бойынша сағат 08:00–16:00 аралығында жұмыс істейтін болады.
«Қала ішіндегі басқа зираттар қоғамдық көлік қозғалысымен қамтылған және қалалық маршруттардың аялдамаларынан жаяу жетуге болады», – делінген ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.