Қарағандылық хирургтер балалар проктологиясында озық технологияларды игеруде

Қарағандылық хирургтер балалар проктологиясында озық технологияларды игеруде

Қарағандыда халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар колопроктологиясы бойынша оқыту шеберлік сабағы өтті. Жергілікті дәрігерлер алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшылардан озық әдістерді үйренуге, ал кішкентай пациенттер өңірден шықпай-ақ өз қаласыеда жоғары технологиялық ота жасауға мүмкіндік алды.

Сәуірдің 21-і мен 25-і аралығында Қарағанды облысының көпбейінді облыстық балалар ауруханасында «Балалар колопроктологиясындағы шағын инвазивті операциялар» атты шеберлік сабағы өтті. 

Оны ұйымдастырушы – «BI Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры. «Мүмкіндік» жобасының мақсаты – туа біткен патологиясы бар балалардың заманауи медициналық технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету және қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру мүмкіндігі.

Жетекші сарапшы ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор Игорь Киргизов сөз сөйледі – Росздравнадзордың штаттан тыс бас маманы, РФ Президенті Іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының балалар хирургиясы бөлімшесінің ғылыми жетекшісі.

– Біздің басты міндетіміз – жергілікті мамандарды күрделі операцияларды қолда бар жабдықтар жағдайында орындауға үйрету, – деп атап өтті профессор Игорь Киргизов. – Біз халықаралық технологияларды сіздердің мүмкіндіктеріңізге орай бейімдейміз, балалар осы жерде, үйде жоғары білікті көмек ала алады.

Бес күн бойы шеберлік сабағына қатысушылар тоқ ішек пен аноректальды аймақтың туа біткен патологиялары бар балаларға аз инвазивті ота жасалуын бақылады.

Бағдарламаға дәрістер, клиникалық талдаулар, дөңгелек үстелдер және практикалық семинар кірді. Колостома, гастростома, цистостома және трахеостома ауруларына шалдыққан балаларды күтуге, сондай-ақ созылмалы іш қату ауруларына шалдыққан пациенттерді тамақтандыру және оларға қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Мүмкіндік» жобасының жетекшісі Ұлжалғас Мұхамбетова атап өткендей, бастама үш негізгі бағытты қамтиды – кардиохирургия, ортопедия және эндовидеохирургия. Мұның бәрі тек педиатрияда.

– Бұл ата-аналар мен балалар үшін жоғары технологиялық көмекке шетелге шықпай қол жеткізу, ал біздің дәрігерлер үшін емдеудің жаңа стандарттарын меңгеру және енгізу мүмкіндігі.