«Таза Қазақстан»: Бұқар жырау ауданының 200 тұрғыны су қоймаларының жағалауын ретке келтірді

«Таза Қазақстан»: Бұқар жырау ауданының 200 тұрғыны су қоймаларының жағалауын ретке келтірді

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазарту бойынша «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады. Туған өлкесінің тазалығы мен табиғи сұлулығын сақтау үшін біріккен ауданның жанашыр тұрғындары Нұра өзені мен Чкалов су қоймасының жағалауларын тазартты.

Экологиялық акцияға Ботақара, Ғабиден Мұстафин, Шешенқара, Петровка, Ақтөбе, Новоузенка ауылдарының тұрғындары, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің, волонтерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шараға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Акцияға қатысушылар ондаған қап тұрмыстық қоқысты жинап, жағалау аймақтарын пластик қалдықтардан, шыны мен қураған ағаштардан тазартты. 

Алдағы жазғы маусымда қауіпсіздікті және жайлылықты қамтамасыз ету үшін көпшілік демалатын орындарға ерекше көңіл бөлінді.

– Таза қоршаған орта – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Мұндай акциялар өскелең ұрпақтың табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырады, – деп атап өтті Ботақара кентінің волонтері Төкен Жантөре.

Ұйымдастырушылар су қоймаларының жағалауларын тазарту акциясы – өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана екенін атап өтті. 

Алдағы уақытта ауданның басқа да елді мекендерінде осындай іс-шаралар өткізу жоспарлануда.